«Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 27 бұйрығы (2024.11.09. берілген өзгерістермен)

Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 27 бұйрығы

(2024.11.09. берілген өзгерістермен)

 

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

2023 жылғы 25 қаңтардағы

№ 27 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу тәртібін айқындайды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024.19.08. № 277 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.