Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 91-НҚ Бұйрығы
(2009.16.01. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2018 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.16.01 № 4-НҚ бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т. Жолдыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.