Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-5/293 бұйрығы
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы 11 қыркүйектегі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 5 қазандағы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
В. Школьник
2015 жылғы 4 тамыздағы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 19-5/293 бұйрығымен
бекітілген
Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер