Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 13 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңының 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жедел жоспарлау департаменті (Қ.Б. Мұхитов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры M.F. Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жедел жоспарлау департаментінің бастығы полиция полковнигі Қ.Б. Мұхитовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.