«Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығы

 

«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 104 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің 2035 жылға дейінгі электр энергиясының болжамды теңгерімі жаңа редакцияда жазылсын;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесі қуатының 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімі жаңа редакцияда жазылсын.

2. Электр энергетикасын дамыту департаменті:

1) осы бұйрықты облыс әкімдіктерінің және тиісті энергетика кәсіпорындарының назарына жеткізсін;

2) осы бұйрықты бекітілген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Б. Ақшолақов

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2023 жылғы 30 қаңтардағы

№ 44 бұйрығына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2022 жылғы 24 наурыздағы

№ 104 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің

2035 жылға дейінгі электр энергиясының

 болжамды теңгерімі

 

млрд. кВт*сағ

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.