«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 87 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жоспарлы-алдын ала жөндеуді объектінің білікті мамандары немесе әлсіз тоқ жабдығымен жұмыс саласындағы ұйымдар орындайды.»;
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«74. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық куәландыруды тапсырыс беруші мен монтаждау-баптау (іске қосу-баптау) ұйымы өкілдерінің қатысуымен комиссия әрбір бес жыл сайын жүргізеді.»;
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«87. Стационарлық жабдықтың, күштік және жарықтандыру желісінің электр сымдарының жай-күйін тексеру, сымдардың, кабельдер мен жерге тұйықтау құрылғыларының оқшаулағышының кернеуін сынау және өлшеу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10949 болып тіркелген) талаптарында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.»;
339-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«339. Жатқан мүгедектігі бар адамдар мен қарттар үй-жайларда оларды неғұрлым жылдам эвакуациялау есепке алынып, орналастырады.»;
1074-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: