Катонқарағай ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерiн бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 38/334-VI шешімі
(2025.06.07. берілген өзгерістермен)
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2025.20.06. № 28/325-VIII шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабыны 2-тармағына, 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағының 13) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Катонқарағай ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерi осы шешімнің 1, 2, 3, 4 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.