«Жасанды ағзаларды (ағзаның бөлiгін) және (немесе) тiндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау үшін көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-143/2020 бұйрығы

Жасанды ағзаларды (ағзаның бөлiгін) және (немесе) тiндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау үшін көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-143/2020 бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 216-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Жасанды ағзаларды (ағзаның бөлiгін) және (немесе) тiндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау үшін көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

2020 жылғы 20 қазандағы

№ ҚР ДСМ - 143/2020

бұйрығына қосымша

 

 

Жасанды ағзаларды (ағзаның бөлiгін) және (немесе) тiндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау үшін көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер

 тізбесін

 

Жасанды ағзаларды (ағзаның бөлiгін) және (немесе) тiндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау (имплантаттау) үшін көрсетілімдер

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.