«Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 7 шілдедегі № 6 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы
2016 жылғы 7 шілдедегі № 6 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыс
ы

(2024.17.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2024.28.11. № 2 Нормативтік қаулысымен тақырыптағы деректемелер жаңа редакцияда (2024 ж. 17 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Мәмiлелердің жарамсыздығы және олардың жарамсыздығының салдарларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының кейбір нормаларын сот практикасында біркелкі және дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

ҚР Жоғарғы Сотының 2022.29.09. № 8 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 7 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2024.28.11. № 2 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 17 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) нормаларына сәйкес мәміле сот оны осындай (дауланатын мәміле) деп тануына байланысты заңда белгіленген негіздер бойынша не осылай тануына (маңызсыз мәміле) қарамастан, заңда тікелей көрсетілуі бойынша жарамсыз болуы мүмкін.

Дау айтылатын мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаптарды, оның салдарларын қолдану туралы талаптарды мүдделі тұлға, тиісті мемлекеттік орган не прокурор қоюы мүмкін.

Мәміленің заңмен белгіленген маңызсыздығы мүдделі тұлғаға мұндай мәміленің жарамсыздығын сотта тануды талап етуге кедергі келтірмейді.

Маңызсыз мәміленің жарамсыздығының салдарын қолдану туралы талапты маңызсыз мәмілені жарамсыз деп тану туралы талапты мәлімдеген-мәлімдемегеніне қарамастан, кез келген мүдделі тұлға қоюы мүмкін.

Сот АК-нің 157-1-бабының 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда мәмілелердің жарамсыздығының салдарларын өз бастамасы бойынша қолдануға құқылы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.