2015-2017 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бас ұйымдарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 8-1/541 бұйрығы
«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 9-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның 2015 жылғы 17 наурыздағы № 1 хаттамалық шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бас ұйымдар болып осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес ғылыми-зерттеу ұйымдары айқындалсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.