(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ 2014.30.06 № 16-0...

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 9 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 46-5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу Қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап, күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрінің

2014 жылғы 30 маусымдағы

№ 16-07/332 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық шараларды жоспарлау және жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 46-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлаудың және жүргізудің бірыңғай тәртібін анықтайды.

2. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.