Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2013.22.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Жарлыққа ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің түсіндірмесін қараңыз
Қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) 2013 жылғы 1 наурызға дейін мемлекеттік органдарда ішкі аудит қызметін құру мен оның жұмысын реттейтін тиісті нормативтік-құқықтық актілер әзірлеуді қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Жарлықтың 2-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.