(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕСЕПКЕ АЛУ АСПАПТАРЫ ЖОҚ ТҰТЫНУШЫЛАР ҮШІН СУМЕН ЖАБ...

Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 292 бұйрығы

 

Осы редакция 2019 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 31 наурыздағы

№ 292 бұйрығымен бекітілген

 

 

Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су
бұру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің

 үлгі қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.