«Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 шілдедегі «Қарағанды облысындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы» № 23-Қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 4 тамыздағы № 29-Қ Қаулысы (2021.18.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 шілдедегі «Қарағанды облысындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы» № 23-Қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 4 тамыздағы № 29-Қ қаулысы

(2021.18.08. берілген өзгерістермен)

 

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 31-Қ Қаулысымен күші жойылды 

 

Мен, Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Г.Ж. Байгутанова, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Кәсіпкерлік объектілеріне «Аshyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысының негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

«Қарағанды облысындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 шілдедегі № 23-Қ қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

1) қаулының 3-тармағы 3.1-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысушылардың шектеулерді іске асыру және әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына рұқсат беру, бұл ретте 2021 жылғы 9 тамыздан бастап, инфекциялық төсектердің толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және төсектердің толтырылу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары қауіпті деңгейдегі («қара қызыл») аймақта, «Аshyq» көшбасшылары» мәртебесі бар объектілерге сағат 00.00-ге дейін жұмыс режиміне рұқсат беру, жоба бойынша жұмыс істейтін басқа да объектілерге сағат 22.00-ге дейін, ал Ашық (0-20 чекин) режимін бұзған бизнес субъектілері ескертусіз 1 ай мерзімге шығарылсын»;

2) қаулының 3-тармағы 3.1.2-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«ASHYQ» қатыспайтын меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру, орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерді, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдары, құрылыс жұмыстарын жүргізу, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметі, байланыссыз қызметтер көрсету қоспағанда, (авто жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуатын орындар, химиялық тазалау, кілттерді дайындау, тұрмыс үйі қағидаты бойынша қызметтер және т.б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметі, туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың қызметі, жекелеген қызмет түрлері (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері және т.б.) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі тек алып шығуға және жеткізуге арналған;»;

3) қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.18.08. № 30-Қ Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (2021 ж. 21 тамыз сағат 00.00-ден бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара)

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері орынбасарының

2021 жылғы 4 тамыздағы

№ 29-Қ қаулысына

1 қосымша

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

Дәрігерінің

2021 жылғы 10 шілдедегі

№ 23-Қ қаулысына

2-қосымша

 

 

Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемдері

 

 

«+» - қызметке рұқсат етілген;

«» - қызметке ішінара рұқсат етіледі (шектеулермен);

«-» - қызметке тыйым салынады».

 

* - толтырылу шарттары ҚР БМСДҚ 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған;

** - Ұйымдар, офистер қызметкерлерді COVID-19 қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қашықтан және көзбе-көз жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды есепке алмай қызметін жүзеге асырады. Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде COVID-19 қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған немесе COVID-19 ауырып жазылған. барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.