(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚОРҒАЛУЫ МЕН ПАЙД...

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен пайдаланылуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығы

(2018.02.11. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.02.11. № 317 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.02.11. № 56 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен пайдаланылуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен пайдаланылуына тексеру парағының нысаны бекітілсін;

2. «Тексерілетін субъектілердің тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 225 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 503 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 11851 болып тiркелген, 2015 жылғы 26 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.