Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 200 Қаулысы
(2023.22.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 17 сәуірдегі
№ 200 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 343-құжат):
2-тармақтың 1) және 5) тармақшалары алып тасталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат.):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
104) тармақша алып тасталсын;
130), 339-12), 339-13) және 339-16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«130) Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жасалған бизнес-жоспарға қорытынды дайындау;»;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.