Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі жетістіктерінің рейтингтік көрсеткіштерін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2026 жылғы 23 маусымдағы № 304 бұйрығы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі жетістіктерінің рейтингтік көрсеткіштерін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 23 маусымдағы
№ 304 бұйрықпен
бекітілген
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының
қызметі жетістіктерінің рейтингтік көрсеткіштерін бағалау
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер