Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 20/02 «Білім беру, отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 51/03 Қаулысы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 18/01 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 159 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18574 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 20/02 «Білім беру, отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4755 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2, 5, 12, және 14-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3, және 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Қошанов |
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 51/03 қаулысына
1-қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің