Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 бұйрығы
(2012.10.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.