«Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының параметрлерін (коэффициенттерін), олардың шекті мәндерін айқындау және Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) шекті мәндерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 117 бұйрығы

Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының параметрлерін (коэффициенттерін), олардың шекті мәндерін айқындау және Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) шекті мәндерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 117 бұйрығы

 

«Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының мынадай параметрлері (коэффициенттері):

1) бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;

2) екінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;

3) борыштық жүктеме деңгейі айқындалсын.

2. Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) мынадай шекті мәндері:

1) бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті кемінде 0,08;

2) екінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті кемінде 0,10;

3) борыштық жүктеме деңгейі 7:1 аспайтын мөлшерде айқындалсын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) шекті мәндерін есептеу әдістемесі бекітілсін.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

2023 жылғы 19 маусымдағы

№ 117 бұйрығымен

бекітілді

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.