Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерінің әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 33 шешімі
(2024.10.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қарағанды облыстық мәслихатының 2024.22.02. № 144 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қарағанды облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындаcын.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері айқындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Кобжанов |
Қарағанды облыстық мәслихатының 2024.22.02. № 144 шешімімен қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қарағанды облыстық мәслихатының
2023 жылғы 18 сәуірдегі
№ 33 шешіміне қосымша