Мемлекеттік сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 135 бұйрығы
(2026.01.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2020.05.10. № 438 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Үлгі нысандары:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, бұрын шығарылған қаулыға өзгерістер енгізу туралы қаулы;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік сот орындаушысы қаулысының күшін жою туралы қаулы;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес, атқарушылық іс жүргізуге аудармашының қатысуы туралы қаулы;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес, атқарушылық іс жүргізуге маманның қатысуы туралы қаулы;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес, аудармашыдан (маманнан) бас тарту (өздігінен бас тарту) туралы қаулы;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік сот орындаушысынан бас тарту (өздігінен бас тарту) туралы қаулы;
9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік сот орындаушысынан бас тартуға қарсылық білдіру туралы қаулы;
10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес, ішкі істер органдарының қызметкерлерін немесе бөлімшесін атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуге тарту туралы қаулы;
11) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес, сот орындаушысына келуден жалтарып жүрген адамды күштеп келтіру туралы қаулы (соттың санкциялануына жатады);