«Біліктілік санатын берудің (растаудың) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 15 бұйрығы

Біліктілік санатын берудің (растаудың) кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 15 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген) бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының 34-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес салалық мемлекеттік органның ведомстволық бағынысындағы білім беру ұйымының басшысына біліктілік санаты берілсін (расталсын).

2. «Білім беру ұйымының педагогтеріне біліктілік санатын беру (растау) туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 334 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

«Қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді» деген бөлімде:

реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын.

3. Білім беру ұйымының басшысы осы бұйрықтан туындайтын барлық шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын және берілген (расталған) біліктілік санаты үшін қосымша төлемді 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап төлеуді жүзеге асырсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.