«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 24 қарашадағы № 1577 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық
саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы
1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

 

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 24 қараша

 

№ 1577

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2026 жылғы 24 қарашадағы

№ 1577 Жарлығына

ҚОСЫМША

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық
саясат жөніндегі ұлттық комиссияның
ҚҰРАМЫ

 

Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша), Комиссия төрағасы

Имашева Снежанна Валерьевна - Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл (келісім бойынша), Комиссия төрағасының орынбасары

Мақжанова Назгүл Сейітқожақызы - кәсіпкер, Астана қаласы әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісім бойынша), Комиссия төрағасының орынбасары

Нұрахметова Гаухар Сердалықызы - гендерлік және отбасылық саясат саласындағы сарапшы (келісім бойынша), Комиссия хатшысы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.