«Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 455 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 260 бұйрығы

«Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 455 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 260 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 5 қарашадағы № 455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25074 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қағидаларында:

2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жобаға өтініш беруші - көміртегі офсеті жобасын уәкілетті органның қарауына және мақұлдауына ұсынатын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке тұлға, заңды тұлға немесе заңды тұлғалар тобы;»;

«1-тарау. Жалпы ережелер» 1-тараудың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1), 8-1), 16-1), 18), 19), 20), 21) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-1) қосалқылық - жоба шеңберінде қол жеткізілген парниктік газдардың антропогендік шығарындыларының төмендеуі осы жоба шеңберінде жүзеге асырылған нақты іс-қимылдардың нәтижесі болып табылатынын және осы қызмет болмаған кезде болмайтынын растайтын өлшем;

8-1) мемлекеттік орман қоры жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсетінің жобасы - Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде көміртегі офсеттерінің жобаларын іске асыруға арналған шарт негізінде мемлекеттік орман қоры жерлерінде көміртегі офсетін іске асыру жөніндегі жоспарланатын қызмет;

16-1) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган - орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.