Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 596 бұйрығы
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 32-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны бекітілсін.
2. Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің төрағасы
Д. Ақышев
2015 жылғы 14 желтоқсан
Қаржы Министірінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 596 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған
мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша,
сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары бойынша
(корреспонденттіктерді қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтату
туралы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның
өкімі