Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 318 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 251 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Тексерілетін мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген талаптарды жүйелі түрде орындамау немесе тиісінше орындамау фактілері анықталған кезде, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкіміне заңдылықтың, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарының бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.».
2. «Құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізілімін, оған енгізілетін мәліметтердің құрамын, осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 258 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: