(Сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының (артықшылық берілгендерін шегергенде) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының - жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйекте № 135 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған осы сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының (артықшылық берілгендерін шегергенде) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының - жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының жиырма бес және одан астам процентіне иелік ететін (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтерін қолдауы бойынша шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 51 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4179 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):