Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы
Осы редакция 2016 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Жарлыққа түсіндірмені қараңыз
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасы мақұлдансын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бір ай мерзімде әзірлесін және бекітсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен айқындалатын мерзімде және тәртіппен Бағдарламаның іске асырылу мониторингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынсын;
3) Осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы желтоқсанның 31-і.
№ 720
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 720 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі
жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2013 жыл
І. Бағдарламаның паспорты