ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.01.04. № 46 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 149 қаулысына
43-қосымша
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 71 Қаулысымен күші жойылды
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының)
зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.01.04. берілген өзгерістермен)
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке өтініш жасаған кезде - көрсетілетін қызметті берушіден салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған және қағаз тасымалдағышта басып шығарылған электрондық құжат нысанында ресімделген ақпарат алу;