Кеден органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыларды (мамандарды) кедендік сараптама жүргізуге тартудың ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 391 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 226-бабының 5) тармақшасына, 227-бабының 5-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған кеден органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыларды (мамандарды) кедендік сараптама жүргізу үшін тарту туралы ереже бекітілсін
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж Кәрбозов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін
3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған қатынастарда қолданылады.