Активтерді ашып көрсету туралы декларацияның нысаны мен оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қазандағы № 187 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 1095 бірлескен бұйрығы
«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, активтерді ашып көрсету туралы декларацияның нысаны;
2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, Активтерді ашып көрсету туралы декларацияны ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.