«Активтерді ашып көрсету туралы декларацияның нысаны мен оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қазандағы № 187 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 1095 бірлескен бұйрығы

Активтерді ашып көрсету туралы декларацияның нысаны мен оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қазандағы № 187 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 1095 бірлескен бұйрығы

 

«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, активтерді ашып көрсету туралы декларацияның нысаны;

2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, Активтерді ашып көрсету туралы декларацияны ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Қаржы министрі

2023 жылғы 16 қазандағы № 1095 мен

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуроры

2023 жылғы 13 қазандағы № 187

бірлескен бұйрықтың

1-қосымшасы

 

 

Активтерді ашып көрсету туралы

декларация нысаны

Жеке тұлға туралы жалпы ақпарат

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.