Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 252 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті болып қайта аталсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің қарамағына берілсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.