«Мемлекеттік заңды тұлғалардағы басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға адамдарды қабылдау және олардың еңбек қызметін өткеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 20 қазандағы № 164-НҚ бұйрығы

Мемлекеттік заңды тұлғалардағы басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға адамдарды қабылдау және олардың еңбек қызметін өткеру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 20 қазандағы № 164-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 139-бабы 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік заңды тұлғалардағы басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға адамдарды қабылдау және олардың еңбек қызметін өткеру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін төраға орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 25 шілдеден бастап туындаған мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындауға, аттестаттаудан өткізуге, оның кандидатурасын келісуге байланысты құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы

 

Д. Жазықбай

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі төрағасы

2026 жылғы 20 қазандағы

№ 164-НҚ бұйрықпен

бекітілді

 

 

Мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға адамдарды қабылдау және олардың еңбек қызметін өткеру

қағидалары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.