Медиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 253-НҚ бұйрығы
(2024.19.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 167-НҚ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы 2022 жылғы 26 наурыздағы № 142 Ереженің 19 тармағына сәйкес, медиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес медиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылсын (Бұдан әрі - Жұмыс тобы).
2. Жұмыс тобы осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Д. Қыдырәлі |
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.19.06. № 260-НҚ бұйрығымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2023 жылғы 20 маусымдағы
№ 253-НҚ бұйрығына
қосымша
Медиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобының
құрамы
| № | Т.А.Ә | Лауазымы |
| 1. | СҮЛЕЙМЕН Ляззат Жанылысқызы | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі (келісім бойынша) |
| 2. | ҚҰРМАНОВА Айзада Амангелдіқызы | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары |