Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-5-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 7 мамырдағы
№ 586 қаулысымен
бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) базалық желі - көміртегі қос тотығының баламасына тоннамен белгіленген кезеңде немесе жылда өндірілген парниктік газдар шығарындылары көлемінің шамасы;
2) квоталар көлемінің резерві - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономиканың басым секторларында және парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына (бұдан әрі - ұлттық жоспар) сәйкес алғашқы бөлу кезінде парниктік газдар шығарындыларына квота алмаған, бірақ оның қолданысы кезеңінде пайдалануға енгізілген және квоталау бойынша талапқа жатқызылатын жаңа қондырғыларға арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталардың көлемі;
3) парниктік газдар шығарындыларына квоталар - ұлттық жоспардың қолданылу кезеңіне қондырғыға бөлінген парниктік газдар шығарындыларының реттелетін сандық көлемі;
4) парниктік газдардың реттелетін шығарындылары - Қазақстан Республикасында мемлекеттік реттеу объектісі болып табылатын бекітілген парниктік газдар тізбесіне енгізілген парниктік газдар шығарындылары.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.