«Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы №136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысының 2026 жылғы 8 шілдедегі № 17 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;