4. Осы баптың 3-тармағында көзделмеген жобалар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері:
1) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерге;
2) қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарына зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларына, шикізатқа және өнімге;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімге, оның ішінде тағамдық өнімдердің жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарын келісуге;
4) топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме жөніндегі материалдарға жүргізеді.
47-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер жүргізу тәртібі
1. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, иммундық-биологиялық, молекулалық-генетикалық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулер, электромагнит өрістері мен физикалық факторларды өлшеулер, басқа да зерттеулер мен сынақтар жүргізуге байланысты бөлігі болып табылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулердің тізбесі мен көлемдерін (санын) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тағамдық өнімге санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер мынадай:
1) жарамдылық мерзімінің өткені;
2) сапасыздықтың айқын белгілері (бүліну, ыдырау, ластану) анықталған жағдайда жүргізілмейді.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың және ғылыми сараптаманың нәтижелері бойынша адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін қауіпті деп танылған химиялық және биологиялық заттарды Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тізілімі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жариялануға жатады.
4. Жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін олар қаржыландыруды қамтамасыз етеді және қажетті құжаттаманы ұсынады.
48-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит
1. Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудитор жүргізеді.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын объектілер иелерінің жолданымдары бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өтініш беруші мен аудитордың арасында жасалған санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге арналған шарт негізінде жүргізіледі.
3. Аудиторлар жыл сайын есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жүргізілген аудит туралы ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша беруге міндетті.
4. Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нәтижелері объектінің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тұжырымдары бар аудиторлық қорытындыда көрсетіледі.
5. Объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы тұжырымдары бар аудиторлық қорытындыны аудитор аудит аяқталған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады.
6. Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нәтижелері эпидемиологиялық мәні жоғары объектілерді тексерулерден босатуға негіз болмайды.
49-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторларға қойылатын талаптар
1. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:
санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімінің болуы;
тиісті мамандық бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі;
санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеудің болуы;
2) заңды тұлғалар үшін - штатында осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін білікті персоналдың болуы.
2. Жеке және заңды тұлғалар санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті бастағанға дейін және тоқтатқаннан кейін бұл туралы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды хабардар етуге міндетті.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлар:
1) аудиттің кешенді, объективті, сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуге;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аудитті мемлекеттік нормалау құжаттарының негізінде жүргізуге міндетті.
4. Аудитордың мыналарға санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізуіне тыйым салынады, олардың орындаушылары:
1) аудит жүргізілетін субъектімен еңбек қатынастарында тұрған немесе оның лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудит жүргізілетін субъект акцияларының он және одан көп пайызын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленетін акционердің (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын;
2) аудит жүргізілетін субъектімен жеке мүліктік мүдделерімен байланысты;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың мемлекеттік органдарынан және ұйымдарынан шығарылған.
5. Аудиторлар өз міндеттерін сапалы әрі тиісінше орындамағаны және объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы өздері берген аудиторлық қорытынды үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
50-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит рәсімі
1. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит рәсімі:
1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу туралы өтінішті тіркеуді;
2) өтініш беруші ұсынған құжаттарды алдын ала талдауды;
3) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге шарт жасасуды;
4) санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің мақсаттарын белгілеуді;
5) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарын жасауды;
6) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуді (объектіні тексеру, материалдарды талдамалық өңдеу, жоспарланып отырған не жүзеге асырылып жатқан қызметтің қоғамдық денсаулыққа қауіптілік дәрежесіне, объектіні іске асыру негіздемелерінің жеткіліктілігі мен анықтығын салыстырып талдау және бағалау жүргізу);
7) аудиторлық қорытынды жасауды және оны өтініш берушіге ұсынуды қамтиды.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін өтініш беруші қаржыландыруды қамтамасыз етеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге өтініш;
2) санитариялық-эпидемиологиялық аудитке жататын объектіге қатысты материалдар:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдардың соңғы жылдағы зерттеп-қарау актілері (олар болмаған кезде - соңғылары);
объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе қызметтің басталғаны туралы хабарлама;
3) бар болса, санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің алдыңғы қорытындылары және шаруашылық жүргізуші субъектінің менеджмент жүйесі жөніндегі құжаттама;
4) объектіні бағалауға қажетті өзге де материалдар.
3. Жоспарға сәйкес жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібінде белгіленген нысан бойынша объектінің санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы аудиторлық қорытынды жасалады.
4. Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
5. Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нәтижелері аудиторлық есепті дайындау кезінде мынадай:
1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу рәсімдерін бұзу;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындамау жағдайларына жол берілген жағдайда, жарамсыз деп танылады.
1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауға жататын объектілерде қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өндірістік бақылаудың тиімді жүйесін әзірлейді, құжатпен ресімдейді, ендіреді және жұмыс істейтін жағдайда ұстайды.
2. Өндірістік бақылауды қамтамасыз ету дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаның басшысына жүктеледі.
3. Жүзеге асырылатын өндірістік бақылаудың уақтылылығын, толықтығын және анықтығын қамтамасыз ету дара кәсіпкер немесе заңды тұлға тағайындайтын адамдарға жүктеледі.
4. Өндірістік бақылаудың мақсаты объектіде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу арқылы өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.
5. Өндірістік бақылау мыналарды:
1) өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеуді;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес зертханалық зерттеулер мен өлшеулерді жүзеге асыруды (ұйымдастыруды);
3) медициналық қарап-тексерулерден өтудің уақтылылығы мен толықтығын бақылауды;
4) өнімнің қауіпсіздігі мен сәйкестігін растайтын құжаттардың бар-жоғын бақылауды;
5) тәуекел факторларын бағалауды, анықталған қауіптерді, өндірістік және қоршаған орта факторларының қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы өлшемшарттарын талдауды және процестердің қауіпсіздігін бақылау әдістерін айқындауды;
6) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға байланысты құжаттаманы есепке алуды және оның есептілігін жүргізуді;
7) халыққа, жергілікті атқарушы органдарға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылуы, объектінің қызметіне байланысты жаппай (үш және одан көп жағдай) инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар туралы ақпарат беру схемасын әзірлеуді;
8) өндірістік бақылау бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтиды.
6. Өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеуді дара кәсіпкер, заңды тұлға дербес өзі немесе санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүзеге асыратын адамдарды тарта отырып жүзеге асырады.
7. Жаңа технологияны ендіру, технологиялық процеске, тағамдық өнімнің рецептурасына өзгерістер енгізу, санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығына әсер ететін және (немесе) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп төндіретін басқа да өзгерістер кезінде өндірістік бақылау бағдарламасы қайта қаралуға жатады.
8. Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын талаптар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық қағидаларда белгіленеді.
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 2-1-параграфпен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1-параграф. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ерекше бақылау жəне қадағалау
51-1-бап. Ерекше бақылау жəне қадағалау жүргізудің жалпы ережелері
1. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылау жəне қадағалау жоспарлы жəне жоспардан тыс тексеру, тергеп-тексеру, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг (бұдан əрі осы параграф үшін - мониторинг) нысандарында жүзеге асырылады.
Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексерулер, мониторинг - осы параграфта көзделген тəртіппен, тергеп-тексеру осы Кодекстің 45-1-бабында жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.
2. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылау жəне қадағалау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуы тұрғысынан жүзеге асырылады.
3. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі (бұдан əрі осы параграф үшін - аумақтық бөлімше) жүзеге асырады.
4. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылау жəне қадағалау олар алдын ала хабардар етілмей жүргізіледі.
5. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімінің, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау, олардың мерзімдерін ұзарту, тексеру нəтижелері туралы актілердің, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дəрігерінің мониторинг жүргізу туралы шешімінің (бұдан əрі осы параграф үшін - мониторинг жүргізу туралы шешім), мониторинг нəтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын уəкілетті орган бекітеді.
6. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша аумақтық бөлімшелер Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 135, 136 жəне 153-баптарына жəне осы Кодекстің 42-1-бабына сəйкес жедел ден қою шараларын қолданады.
7. Ерекше бақылау жəне қадағалау барысында санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімнің (тауардың), шикізаттың, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын (үлгілерін) алу, тұлғаларды зерттеп-қарау, зертханалық жəне аспаптық зерттеулер, өлшеулер жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері:
1) ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне тексеру немесе мониторинг жүргізу үшін келген аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарын мынадай:
жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі сақталмаған;
тексеруді тағайындау туралы актіде немесе мониторинг жүргізу туралы шешімде (тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде немесе мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешімде (болған кезде) көрсетілген, осы параграфта белгіленген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
тексеру немесе мониторинг жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға оны жүргізу тапсырылған;
тексеру немесе мониторинг мерзімдері осы параграфта белгіленген мерзімдерден асыра ұзартылған;
тексеруді тағайындау туралы актінің немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі болмаған жағдайларда, тексеру немесе мониторинг жүргізуге жібермеуге;
2) егер мəліметтер жүргізілетін тексеру немесе мониторинг нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;
4) тексеруді немесе мониторингті жүзеге асыру процесін, сондай-ақ аумақтық бөлімшенің лауазымды адамының тексеру немесе мониторинг шеңберінде жасайтын жекелеген əрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, оны хабардар ете отырып, аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
9. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері:
1) аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарының ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;
3) аумақтық бөлімшенің сұрау салуы бойынша материалдарды ұсынуға;
4) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарына тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актіге жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін тексерудің жəне (немесе) мониторингтің міндеттері мен нысанасына сəйкес құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
5) тексеруді тағайындау туралы актіні немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесін (тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні немесе мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешімді (болған кезде) алғаны туралы белгі қоюға;
6) тексеру немесе мониторинг аяқталған күні олардың нəтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алғаны туралы белгі қоюға;
7) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді немесе мониторингті жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
8) тексеруді тағайындау туралы актіні немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмелерін алған жағдайда ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің (ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі басшысының не ол уəкілеттік берген адамның) тексерудің немесе мониторингтің белгіленген мерзімдерінде ерекше бақылау жəне қадағалау объектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
51-2-бап. Жоспарлы тексерулерді ұйымдастыру тəртібі
1. Жоспарлы тексеру аумақтық бөлімшелер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізетін жəне олар тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда əкімшілік іс жүргізу қозғалмай, осындай бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылатын бақылауды білдіреді.
2. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) бөлігінде тізілім бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды алғаны туралы орталық мемлекеттік органдар жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын деректер мен мəліметтер негізінде қалыптастырылады.
Орталық мемлекеттік органдар жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдары тізілімді қалыптастыру тəртібіне сəйкес аумақтық бөлімшеге бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды алғаны туралы ақпаратты беруге міндетті.
3. Жоспарлы тексеру ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімі (бұдан əрі осы бап үшін - тізім) негізінде жүзеге асырылады.
Тізімді аумақтық бөлімше тізілімге енгізілген ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) арасынан тəуекел дəрежесін бағалау өлшемшарттарына сəйкес қалыптастырады.
Тізім аумақтық бөлімшенің интернет-ресурсында орналастырылады.
4. Жоспарлы тексеруді жүзеге асыру кезінде тəуекелдерді басқару мақсаттары үшін ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) мынадай тəуекел дəрежелерінің біріне жатады:
Тəуекелдің жоғары дəрежесіне жатқызылған ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) үшін жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі жарты жылда бір реттен жиілетпей айқындалады. Тəуекелдің жоғары дəрежесіне жатқызылған ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мониторинг жүргізілген жағдайда жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тəуекелдің төмен дəрежесіне жатқызылған ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) үшін жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
5. Эпидемиялық мəні жоғары объектілер - тəуекел дəрежесі жоғары субъектілерге (объектілерге), эпидемиялық мəні болмашы объектілер тəуекел дəрежесі төмен субъектілерге (объектілерге) жатқызылады. Эпидемиялық мəнінің дəрежесі осы Кодекстің 36-бабына сəйкес айқындалады.
6. Тəуекелдің бір дəрежесіне жатқызылған жəне қызметін бір ерекше бақылау жəне қадағалау объектісінде жүзеге асыратын бірнеше ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты тізімді жасау кезінде жоспарлы тексеру жүргізудің бірыңғай мерзімдері белгіленеді.
7. Тəуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған тізім жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде аумақтық бөлімшенің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тəуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда аумақтық бөлімшелер бекітілген тізімді жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға электрондық нысанда жібереді.
51-3-бап. Жоспардан тыс тексерулерді ұйымдастыру тəртібі
1. Аумақтық бөлімшелер осы бапқа сəйкес тағайындайтын тексеру ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексеру болып табылады.
1) егер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаса жəне (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, тексеру, мониторинг нəтижелері бойынша анықталған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
2) дəлелді негіздер мен растайтын дəлелдемелер болған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдары;
3) адамның өміріне, денсаулығына, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қаупі туралы прокурордың талаптары;
4) адамның өміріне, денсаулығына, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
5) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы) туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру;
6) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы;
7) тергеп-тексеру нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау;
8) жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіздер болып табылатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау;
9) бұзушылықтардың жасалған уақыты мен орны көрсетілген растайтын дəлелдемелер, оның ішінде оларды фото- жəне (немесе) бейнетіркеп-белгілеу болған кезде, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілеріндегі) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтары белгілерінің болуы туралы масс-медиадағы хабарлар;
10) егер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі бас мемлекеттік санитариялық дəрігерлердің санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулыларының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаса жəне (немесе) олардың орындалуын қамтамасыз етпесе, осындай қаулылардың орындалуын бақылау ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексерудің негіздері болып табылады.