5. Өндірістік бақылау мыналарды:
1) өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеуді;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес зертханалық зерттеулер мен өлшеулерді жүзеге асыруды (ұйымдастыруды);
3) медициналық қарап-тексерулерден өтудің уақтылылығы мен толықтығын бақылауды;
4) өнімнің қауіпсіздігі мен сәйкестігін растайтын құжаттардың бар-жоғын бақылауды;
5) тәуекел факторларын бағалауды, анықталған қауіптерді, өндірістік және қоршаған орта факторларының қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы өлшемшарттарын талдауды және процестердің қауіпсіздігін бақылау әдістерін айқындауды;
6) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға байланысты құжаттаманы есепке алуды және оның есептілігін жүргізуді;
7) халыққа, жергілікті атқарушы органдарға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылуы, объектінің қызметіне байланысты жаппай (үш және одан көп жағдай) инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар туралы ақпарат беру схемасын әзірлеуді;
8) өндірістік бақылау бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтиды.
6. Өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеуді дара кәсіпкер, заңды тұлға дербес өзі немесе санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүзеге асыратын адамдарды тарта отырып жүзеге асырады.
7. Жаңа технологияны ендіру, технологиялық процеске, тағамдық өнімнің рецептурасына өзгерістер енгізу, санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығына әсер ететін және (немесе) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп төндіретін басқа да өзгерістер кезінде өндірістік бақылау бағдарламасы қайта қаралуға жатады.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын талаптар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық қағидаларда белгіленеді.
Зертханалық зерттеулер мен өлшеулер өндірістік тұрғыдан бақылануға тиісті объект орналасқан өңірдің не іргелес өңірдің (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) шегіндегі сынақ зертханаларында жүзеге асырылады.
Өндірістік бақылау жүргізу үшін сынамаларды іріктеу мен жеткізуді сынақ зертханасының маманы жүзеге асырады.
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 2-1-параграфпен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1-параграф. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ерекше бақылау жəне қадағалау
51-1-бап. Ерекше бақылау жəне қадағалау жүргізудің жалпы ережелері
1. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылау жəне қадағалау жоспарлы жəне жоспардан тыс тексеру, тергеп-тексеру, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг (бұдан əрі осы параграф үшін - мониторинг) нысандарында жүзеге асырылады.
Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексерулер, мониторинг - осы параграфта көзделген тəртіппен, тергеп-тексеру осы Кодекстің 45-1-бабында жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.
2. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылау жəне қадағалау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуы тұрғысынан жүзеге асырылады.
3. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі (бұдан əрі осы параграф үшін - аумақтық бөлімше) жүзеге асырады.
4. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылау жəне қадағалау олар алдын ала хабардар етілмей жүргізіледі.
5. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімінің, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау, олардың мерзімдерін ұзарту, тексеру нəтижелері туралы актілердің, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дəрігерінің мониторинг жүргізу туралы шешімінің (бұдан əрі осы параграф үшін - мониторинг жүргізу туралы шешім), мониторинг нəтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын уəкілетті орган бекітеді.
6. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша аумақтық бөлімшелер Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 135, 136 жəне 153-баптарына жəне осы Кодекстің 42-1-бабына сəйкес жедел ден қою шараларын қолданады.
7. Ерекше бақылау жəне қадағалау барысында санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімнің (тауардың), шикізаттың, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын (үлгілерін) алу, тұлғаларды зерттеп-қарау, зертханалық жəне аспаптық зерттеулер, өлшеулер жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері:
1) ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне тексеру немесе мониторинг жүргізу үшін келген аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарын мынадай:
жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі сақталмаған;
тексеруді тағайындау туралы актіде немесе мониторинг жүргізу туралы шешімде (тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде немесе мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешімде (болған кезде) көрсетілген, осы параграфта белгіленген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
тексеру немесе мониторинг жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға оны жүргізу тапсырылған;
тексеру немесе мониторинг мерзімдері осы параграфта белгіленген мерзімдерден асыра ұзартылған;
тексеруді тағайындау туралы актінің немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі болмаған жағдайларда, тексеру немесе мониторинг жүргізуге жібермеуге;
2) егер мəліметтер жүргізілетін тексеру немесе мониторинг нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;
4) тексеруді немесе мониторингті жүзеге асыру процесін, сондай-ақ аумақтық бөлімшенің лауазымды адамының тексеру немесе мониторинг шеңберінде жасайтын жекелеген əрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, оны хабардар ете отырып, аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
9. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері:
1) аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарының ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;
3) аумақтық бөлімшенің сұрау салуы бойынша материалдарды ұсынуға;
4) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарына тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актіге жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін тексерудің жəне (немесе) мониторингтің міндеттері мен нысанасына сəйкес құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
5) тексеруді тағайындау туралы актіні немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесін (тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні немесе мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешімді (болған кезде) алғаны туралы белгі қоюға;
6) тексеру немесе мониторинг аяқталған күні олардың нəтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алғаны туралы белгі қоюға;
7) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді немесе мониторингті жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
8) тексеруді тағайындау туралы актіні немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмелерін алған жағдайда ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің (ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі басшысының не ол уəкілеттік берген адамның) тексерудің немесе мониторингтің белгіленген мерзімдерінде ерекше бақылау жəне қадағалау объектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
51-2-бап. Жоспарлы тексерулерді ұйымдастыру тəртібі
1. Жоспарлы тексеру аумақтық бөлімшелер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізетін жəне олар тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда əкімшілік іс жүргізу қозғалмай, осындай бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылатын бақылауды білдіреді.
2. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) бөлігінде тізілім бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды алғаны туралы орталық мемлекеттік органдар жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын деректер мен мəліметтер негізінде қалыптастырылады.
Орталық мемлекеттік органдар жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдары тізілімді қалыптастыру тəртібіне сəйкес аумақтық бөлімшеге бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды алғаны туралы ақпаратты беруге міндетті.
3. Жоспарлы тексеру ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімі (бұдан əрі осы бап үшін - тізім) негізінде жүзеге асырылады.
Тізімді аумақтық бөлімше тізілімге енгізілген ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) арасынан тəуекел дəрежесін бағалау өлшемшарттарына сəйкес қалыптастырады.
Тізім аумақтық бөлімшенің интернет-ресурсында орналастырылады.
4. Жоспарлы тексеруді жүзеге асыру кезінде тəуекелдерді басқару мақсаттары үшін ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) мынадай тəуекел дəрежелерінің біріне жатады:
Тəуекелдің жоғары дəрежесіне жатқызылған ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) үшін жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі жарты жылда бір реттен жиілетпей айқындалады. Тəуекелдің жоғары дəрежесіне жатқызылған ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мониторинг жүргізілген жағдайда жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тəуекелдің төмен дəрежесіне жатқызылған ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) үшін жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
5. Эпидемиялық мəні жоғары объектілер - тəуекел дəрежесі жоғары субъектілерге (объектілерге), эпидемиялық мəні болмашы объектілер тəуекел дəрежесі төмен субъектілерге (объектілерге) жатқызылады. Эпидемиялық мəнінің дəрежесі осы Кодекстің 36-бабына сəйкес айқындалады.
6. Тəуекелдің бір дəрежесіне жатқызылған жəне қызметін бір ерекше бақылау жəне қадағалау объектісінде жүзеге асыратын бірнеше ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты тізімді жасау кезінде жоспарлы тексеру жүргізудің бірыңғай мерзімдері белгіленеді.
7. Тəуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесінде қалыптастырылған тізім жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде аумақтық бөлімшенің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тəуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған жағдайда аумақтық бөлімшелер бекітілген тізімді жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға электрондық нысанда жібереді.
51-3-бап. Жоспардан тыс тексерулерді ұйымдастыру тəртібі
1. Аумақтық бөлімшелер осы бапқа сəйкес тағайындайтын тексеру ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексеру болып табылады.
1) егер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаса жəне (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, тексеру, мониторинг нəтижелері бойынша анықталған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
2) дəлелді негіздер мен растайтын дəлелдемелер болған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдары;
3) адамның өміріне, денсаулығына, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қаупі туралы прокурордың талаптары;
4) адамның өміріне, денсаулығына, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
5) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы) туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру;
6) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы;
7) тергеп-тексеру нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау;
8) жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіздер болып табылатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау;
9) бұзушылықтардың жасалған уақыты мен орны көрсетілген растайтын дəлелдемелер, оның ішінде оларды фото- жəне (немесе) бейнетіркеп-белгілеу болған кезде, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілеріндегі) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтары белгілерінің болуы туралы масс-медиадағы хабарлар;
10) егер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі бас мемлекеттік санитариялық дəрігерлердің санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулыларының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаса жəне (немесе) олардың орындалуын қамтамасыз етпесе, осындай қаулылардың орындалуын бақылау ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексерудің негіздері болып табылады.
3. Анонимдік жолданымдар берілген жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
4. Ерекше бақылаудың жəне қадағалаудың нақты субъектілеріне (объектілеріне) қатысты анықталған жəне жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мəн-жайлар, сондай-ақ егер қызмет жəне (немесе) объект халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асырудың рұқсат беру не хабарлама жасау тəртібіне жататын болса, рұқсаттың немесе қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның болуы не болмауы мəселелері жоспардан тыс тексеруге жатады.
5. Осы баптың 2-тармағында санамаланған жоспардан тыс тексеруді жүргізу үшін негіздер қызметін əділет органдарында немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тіркемей жүзеге асыратын бейрезидент - заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, бейрезидент - заңды тұлғаларға да қатысты қолданылады.
51-4-бап. Мониторинг ұйымдастыру тəртібі
1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы мониторинг жүргізуге негіз болғанда, мониторинг осындай талаптардың сақталуы тұрғысынан ерекше бақылау жəне қадағалау объектісін зерттеп-қарауды білдіреді. Мониторинг əкімшілік іс жүргізу қозғалмай жүзеге асырылады.
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жəне олардың орынбасарларының;
жаппай инфекциялық жəне инфекциялық емес аурулар (уланулар) анықталған;
интернаттық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, балаларға арналған санаторийлік-курорттық жəне сауықтыру ұйымдарының қызметтер көрсетуге дайындығын қызметтер көрсету басталғанға дейін жəне қызметтер көрсету кезеңінде бағалау қажет болған;
балаларға медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында санитариялық-профилактикалық жəне санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін бағалау қажет болған жағдайларда уəкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы болған жағдайда Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дəрігерінің шешімі негізінде жүргізіледі.
Мониторинг жүргізу туралы шешімде мыналар көрсетіледі:
1) қызмет түрі;
2) мониторинг нысанасы;
3) мониторинг тағайындалатын аумақ (Қазақстан Республикасы немесе оның жекелеген əкімшілік-аумақтық бірліктері);
4) мониторинг жүзеге асырылатын кезең.
3. Ерекше бақылау жəне қадағалау объектісінде жаппай инфекциялық жəне инфекциялық емес аурулар (уланулар) анықталған кезде осыған ұқсас қызметтер көрсететін ерекше бақылау жəне қадағалау объектілеріне қатысты мониторинг тағайындалады.
4. Аумақтық бөлімшелер мониторинг жүргізу туралы шешімнің негізінде мониторингті осы шешімде белгіленген кезеңде жүргізуге міндетті.
5. Мониторинг жүргізу мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне осы баптың 6-тармағына сəйкес ұзартылуы мүмкін.
Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі табыс етілген күн мониторинг жүргізудің басталғаны болып есептеледі.
6. Мониторинг жүргізу мерзімі зертханалық зерттеулердің нəтижелерін алу қажет болған жағдайда аумақтық бөлімше басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) шешімі негізінде он жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
7. Мониторинг жүргізу туралы бір шешімнің шеңберінде ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне мониторинг бір реттен асырылмай жүргізілуге тиіс.
51-5-бап. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы акт, мониторинг жүргізу туралы шешім
1. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеру аумақтық бөлімшенің ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі.
2. Тексерулерді тағайындау туралы актілер, мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі, олардың мерзімдерін ұзарту туралы актілер тексеру немесе мониторинг басталғанға дейін аумақтық бөлімшелердің оларды мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға ұсынуы арқылы тіркелуге тиіс.
Тексеруді немесе мониторингті мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
3. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеруді жүргізудің басталуы болып есептеледі.
4. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау туралы акт, мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіндегі мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешім қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жасалады жəне табыс етіледі.
5. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау туралы акт, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт қағаз жеткізгіште екі данада жасалады. Бірінші данасы ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) табыс етіледі, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі (заңды тұлғаның басшысы не оның уəкілетті адамы, жеке тұлға) оларды алғаны жөнінде қол қоятын екінші данасы аумақтық бөлімшеде қалады.
Ерекше бақылау жəне қадағалау объектісінде мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі жəне мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешім қағаз жеткізгіште ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) қолын қойғызып табыс етіледі.
6. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау туралы акт, мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісінде мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешім электрондық нысанда ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) «цифрлық үкімет» веб-порталы немесе мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның цифрлық жүйелері арқылы немесе егер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі электрондық пошта мекенжайын көрсеткен болса, сол мекенжайға жіберу арқылы табыс етіледі.
7. Тексеруге немесе мониторингке келген аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдары ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне:
1) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актіні немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесін;
2) қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде - құзыретті органның режимдік объектілерге баруға арналған рұқсатын көрсетуге міндетті.
8. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актіні, мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесін қабылдаудан бас тартылған, тексеруді немесе мониторингті жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің лауазымды адамының тексеруді немесе мониторингті жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабында көзделген əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
Хаттамаға тексеруді немесе мониторингті жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы жəне заңды тұлғаның басшысы не оның уəкілетті адамы, жеке тұлға қол қояды.
Заңды тұлғаның басшысы не оның уəкілетті адамы, жеке тұлға бас тартудың себебіне жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.
9. Тексеруді тағайындау туралы актіні немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесін, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді алудан бас тарту ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексерудің немесе мониторингтің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.
10. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.
11. Тексеру жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы аумақтық бөлімшенің шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін, бұл жөнінде ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі жəне мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган ауыстырылу себебі көрсетіле отырып, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталған күннен бастап келесі жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
51-6-бап. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді жүргізу мерзімдері
1. Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың, сондай-ақ қойылған міндеттердің көлемі ескеріле отырып белгіленеді жəне:
жоспарлы тексеру жүргізу кезінде - тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне он бес жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартылады;
жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде - тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне он жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартылады.
2. Тексеру жүргізу мерзімдерін аумақтық бөлімшенің басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) зертханалық зерттеулердің нəтижелерін алу қажет болған жағдайда ғана осы баптың 1-тармағында айқындалған мерзімдерге ұзартуы мүмкін.