Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 64 Қаулысы
(2015.17.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-қосымшасының 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.