«Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустар куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 104 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 611 бұйрығы

«Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустар куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 104 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 611 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустар куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 104 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13561 тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақ 93) тармақшамен мынадай редакцияда толықтырылсын:

«93) Құпия өсиетті сақтауға беру туралы куәлік жазбасы осы бұйрықтың 93-қосымшасына сәйкес нысанда.»;

93-қосымшамен осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі

 

М. Бекетаев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2019 жылғы желтоқсандағы

2019 жылғы 19 желтоқсандағы

 № 611 бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2016 жылғы 29 ақпандағы

№ 104 бұйрығына

93-қосымша

 

нысан

 

 

Құпия өсиетті сақтауға беру туралы куәлік

 

(ауыл, кент, қала, аудан, облыс, республика) _________________________

күні, айы, жылы жазумен _________________________________________

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.