Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 139 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 43-н/қ бұйрығымен күші жойылды
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізудің шекті бағалары мұнай өңдеу зауытын жеткізу негізінде, қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгіленсін:
1) Аи-80 маркалы бензин- 1 тоннасы үшін 93 161 теңге;
2) Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин- 1 тоннасы үшін 214 584 теңге;
3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық) - 1 тоннасы үшін 284 350 теңге.