Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылы 28 қыркүйектегі № 509 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда;
2) бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің қызметтері туралы ереже осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н. Оспанова) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім беру басқармалары басшыларының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.