«Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/288-VIII шешiмi
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін құру туралы» 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 10/100-2с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 17/154-VIII шешiмiнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2025 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 31/288-VIII шешіміне
қосымша
«Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Шымкент қаласы мәслихатының аппараты) Шымкент қаласы мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Шымкент қаласы мәслихатының аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.