«2024-2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 11/93-VIII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 10 қазандағы № 21/182-VIII шешiмi

«2024-2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 11/93-VIII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 10 қазандағы № 21/182-VIII шешiмi

 

Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шымкент қаласы мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 11/93-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190099 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Шымкент қаласының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 718 844 864 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер - 362 241 725 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер - 18 860 048 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 27 819 183 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 309 923 908 мың теңге;

2) шығындар - 760 365 282 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 9 785 707 мың теңге;

бюджеттік кредиттер - 10 865 000 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 079 293 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 2 602 059 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу - 2 661 595 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 59 536 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 53 908 184 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 53 908 184 мың теңге.»;

2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Қала әкімдігінің 2024 жылға арналған резервi 1 000 000 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1 және 5-қосымшалары осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

 

 

Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы

Б. Нарымбетов

 

Шымкент қаласы мәслихатының

2024 жылғы 10 қазандағы

№ 21/182-VIII шешіміне 1-қосымша

 

Шымкент қаласы

мәслихатының 2023 жылғы

12 желтоқсандағы

№ 11/93-VIII

шешіміне 1-қосымша

 

 

Шымкент қаласының 2024 жылға арналған бюджеті

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.