Жасанды жолмен жасалатын шуылдың және өзге де акустикалық әсерлердің нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/899 бұйрығы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жасанды жолмен жасалатын шуылдың және өзге де акустикалық әсерлердің нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлектеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
2015 жылғы 12 қараша
Ауыл шаруашылығы
Министрінің
2015 жылғы 7 қазандағы
№ 18-02/899 бұйрығымен
бекітілген
Жасанды жолмен жасалатын шуылдың және өзге де дыбыстық әсерлердің
нормалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы жасанды жолмен жасалатын шуылдың және өзге де акустикалық әсерлердің нормалары (бұдан әрі – нормалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік табиғи қорықтар аумақтарында жасанды жолмен жасалатын шуылдың және өзге де акустикалық әсерлердің нормаларын белгілейді.
2. Осы нормаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: