Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 206 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 552 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 43-бабы 11-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу және квазимемлекеттік сектор сатып алуы заңнамасы департаментi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.