Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 33 «Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 211 шешімі
Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 33 «Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6384-09 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қарағанды облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындаcын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Кобжанов |
Қарағанды облыстық мәслихатының
2024 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 211 шешіміне қосымша
Қарағанды облыстық мәслихатының
2023 жылғы 18 сәуірдегі
№ 33 шешіміне қосымша
Қарағанды облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау тәртібі
1. Жалпы ережелер