Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандарды тамақпен, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 297 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 165 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекiтiлсiн.
2. «Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандарды тамақпен, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 297 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының алтыншы және жетінші абзацтарын, 5-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2026 жылғы 12 наурыздағы
№ 165 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар